Бокс

GGG - «Канело»: Мексика чемпионатының матчы кейінге шегерілді

GGG - «Канело»: Мексика чемпионатының матчы кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке байланысты «Америка» мен «Гвадалахара» арасындағы футбалдан Мексика чемпионатының орталық матчы өтетін уақыт өзгерді, деп жазады Prosports.kz.

Eluniversal.com.mx сайты хабарлағандай, жекпе-жек Мексика уақытымен 22:00-ден кейін басталады. Тартысты кездесуді тікелей эфирде көрсету үшін сол күні жоспарланған футбол матчы бір сағат бұрын (бастапқы уақыттан), сағат 20:00-де басталады.

Айта кетейік, Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер