Александр Седнев: «Өте маңызды стратегиялық матчта жеңіліс таптық»

Александр Седнев: «Өте маңызды стратегиялық матчта жеңіліс таптық»

Шымкенттіктердің бас бапкері Александр Седнев «Тұранға» қарсы ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мұндай ойындардан соң айтар сөз де болмайды, өте маңызды стратегиялық матчта жеңіліс таптық, дербиде ұтылдық. Негізгі кінә, құрам жоспары жағынан да, жаттығу жағынан да әрине менде. Мұнда екінші нұсқа жоқ, біз байбалам салмай, алға жылжу үшін біраз нәрсені талқыға саламыз деп сенемін. Үйде, біз бірінші таймда ойнағандай өнер көрсетуге болмайды. Мен өз футболшыларымды да, командамды да танымадым. Соңғы кездері көбісі өздерінің жеке шеберліктеріне сенім артып матчты жеңгісі келеді, алайда бұл сәтсіз. Қалыпқа келуге тырысамыз, команданың бейнесі қиындықта көрінеді, сол себепті кім екенімізді көретін боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0