ҚПЛ: Аутсайдерлер матчында алты гол соғылды. Тұңғышбаев хет-трик авторы атанды

ҚПЛ: Аутсайдерлер матчында алты гол соғылды. Тұңғышбаев хет-трик авторы атанды

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясындағы матчта павлодарлық «Ақсу» өз алаңында «Мақтааралмен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Екі команда турнир кестесінің соңғы жағында, сондықтан үш ұпай екі ұжымға да ауадай қажет еді. 

Бірінші таймда қонақтар екі рет есепте алға шыққанымен, алаң иелері таразы басын теңестіріп отырды. Екінші таймда Еркебұлан Тұңғышбаев матчтағы екінші және үшінші голдарын соғып, командасына жеңіс сыйлады. Есеп -  4:2.

«Ақсу» 20 ұпай жинап, оныншы орынға көтерілді. 13 ұпайы бар «Мақтаарал» соңғы орында.

Ақсу - Мақтаарал 4:2 (2:2)

Гол соққандар: Пайруз 16 (0:1), Сильва 18 (1:1), пенальтиден Себайхи 26 (1:2), Тұңғышбаев 31 (2:2), Тұңғышбаев 47 (3:2), Тұңғышбаев 64 (4) :2)).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или