Әлімханұлы қашан абсолютты әлем чемпионы атанады?

Әлімханұлы қашан абсолютты әлем чемпионы атанады?

Tru School Sports Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеуді қашан жеңіп алатынын болжады, деп жазады Prosports.kz.

Сарапшылар Әлімханұлы абсолютты әлем чемпионы атана ма деген сұрақ төңірегінде пікір айтты.

- Қазір орта салмақ, жұмсақтап айтқанда, жоғары деңгейде емес. Бұл өте әлсіз дивизион. Сондықтан Жәнібек онда үстемдік танытады, ол барлық белбеудің басын қосады. Менің ойымша, ол алдағы 6-12 айдың ішінде абсолютты әлем чемпионы атану мүмкін. Жарайды, 6-15 ай дейік. Өйткені Головкин жақында мансабын аяқтайды, Чарло белбеуінен бас тартады, Андраде белбеуін әлдеқашан босатты. Демек, Әлімханұлы бұл белбеулердің барлығына өте жылдам қол жеткізуі мүмкін. Оның оңай жолмен «абсолютты» чемпион атанады дей алмаймын, өйткені бокста оңай ештеңе жоқ, бірақ соған жетер жол жақын болуы мүмкін, - деді арна авторы.

<h4>Жәнібек Әлімханұлының толыққанды әлем чемпионы мәртебесіндегі алғашқы жекпе-жегінің күні анықталды</h4> <h4 id="ctrlcopy">Алматыда Америка стиліндегі үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді</h4>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или