Бокс

Жәнібек Әлімханұлының толыққанды әлем чемпионы мәртебесіндегі алғашқы жекпе-жегінің күні анықталды

Жәнібек Әлімханұлының толыққанды әлем чемпионы мәртебесіндегі алғашқы жекпе-жегінің күні анықталды
news-banner7
mobile-news-top

ESPN инсайдері Майк Коппингер өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын бірінші рет қорғауы осы күзде өтеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Деметриус Андраде орта салмақтағы чемпиондық атағын босатып, Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атанды. Оның алғашқы жекпе-жегі қараша айына жоспарланған, - деп жазды Коппингер твиттерде.

Мұны 29 жастағы қазақстандықтың ісін басқаратын Top Rank компаниясы да растап отыр.

«Жаңа орта салмақтағы король жақында өз тәжін қорғайды», - делінген промоушнның Instagram парақшасында жарияланған жазбада.

Дүниежүзілік бокс ұйымы 26 тамыз күні Жәнібек Әлімханұлын толыққанды әлем чемпионы деп жариялады. Бұған дейін ол осы жылдың мамыр айында британдық Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атағын иеленді.

Жәнібектің титулдық белдесудегі қарсыласының есімі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер