Теннис

Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің финалына жолдама алды

Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Алматы ITF W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Жібек Құламбаева жекелей сында ширек финалда ресейлік Анастасия Золотареваны тас-талқан етті – 6:0, 6:4.

Жібек финалға шығу үшін Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаямен таласады.

Ж.Құламбаева сондай-ақ жұптық сында ресейлік Екатерина Яшинамен бірге финалға шықты.

Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда үндістандықтар Чаудхари Вайдехи – Шривали Бхамадипатиді тізе бүктірді – 6:4, 3:6, 10:7.

Соңғы бәсекеде Ж.Құламбаева мен Е.Яшина ресейліктер Амина Аншба – Софья Лансере немесе Екатерина Маклакова – Александра Поспелова жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0