«Поветкин үнемі жанымда, оның кеңестері өте бағалы». Қазақстандық боксшы WBO чемпионынан жеңілуі, өзбекстандық қарсыласы туралы пікір білдірді

20 қыркүйекте Мәскеуде қазақстандық боксшы Илья Очкин (7-2, 3 КО) карьерасындағы кезекті кәсіпқой жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы өзбекстандық спортшы Эльдор Абдуходиров (10-1, 8 КО) болады.
Екібастұз қаласының тумасы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO International чемпионы Магомед Курбановтан мерзімінен бұрын жеңіліп қалуының себептері, Александр Поветкиннің кеңестері және алдағы жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді.
– Илья, 2020 жылдың тамыз айында Магомед Құрбановтан жеңіліп қалдыңыз. Бұл сізге қалай әсер етті және кәсіпқой боксқа деген көзқарасыңызды қайта қарауға мәжбүр етті ме?
– Мұны қабылдау қиын болды. Маған жақсы сабақ берген тәжірибе болды.
– Жеңілістер кәсіпқой боксшылардың карьерасын бәсеңдетеді және рейтингте кері шегіндіреді деген пікір бар. Сізге бұл әсер етті ме?
– Рейтингте төмендедім, бірақ мен мұны сезіндім деп айта алмаймын. Жеңіске жеткенімде жерлестерім мені қолдап, жеңілгеннен кейін олардан жағымсыз пікірлер көп болды. Бірақ жақсы пікірлер де болды.

– Білуімізше, қазір Мәскеуде тұрасыз. Қазақстанға жиі келесіз бе?
– Өкінішке қарай жоқ. Мен Қазақстанға бармағаныма көп болды, бірақ жақында барамын.
– Бокстан бос уақытыңызда немен айналысасыз? Кездесулерден алған гонорар жеткілікті ме, әлде бір қосымша жұмыс істейсіз бе?
– Істер жеткілікті. Гонорар жеткілікті емес әрине.
– Промоутерлік компаниямен серіктессіз бе және кәсіпқойларда сіздің мүддеңізді кім қорғайды?
– Біз ешкіммен серіктес емеспіз.

– 16 қыркүйектегі жекпе-жекке дайындығыңыз қайда және кімнің басшылығымен өтіп жатыр?
– Алексей Михайлович Галеевтің жетекшілігімен Серпуховта дайындалып жатырмын.
- Александр Поветкин сізге дайындықта әлі де кеңестер беріп, көмектеседі ме?
– Александр үнемі жанымда, оның ақыл-кеңестері өте бағалы.

– Қарсыласыңызды рингте қалай тағалдыруды жоспарлап отырсыз?
- Мен ештеңе жоспарламаймын, бәрі тұрақты. Ол да қарапайым адам.
– Сізбен бір бокс кешінде тағы бір қазақстандық Әбілқайыр Шегалиев өнер көрсетеді. Сіз өз жерлесіңізді танисыз ба?
– Әзіре таныс емеспіз, бірақ танысамыз.
Фото: Илья Очкиннің Инстаграм парақшасынан