Бекнұр Рысқұл: Ойын ерекше, қызықты болады деп ойлағанбыз

Бекнұр Рысқұл: Ойын ерекше, қызықты болады деп ойлағанбыз

«Астанамен» өткен матч жайлы «Мақтаарал» ойыншысы Бекнұр Рысқұлдың сұхбаты:

- Ойын ерекше, қызықты болады деп ойлағанбыз. Астана енді танымал клуб. Ол клубты өзімізден жоғары да төмен де санамадық. Жалпы ойын тең болды. Жанкүйері жақсы команданың нәтижесі де жақсы болады. Бізде жанкүйерлер аз. Негізі Атакентте өз жанкүйерлеріміз көп. Дегенмен, ол жақтың стадионы стандартқа сай болмаған соң, тыс алаңда ойын көрсетіп жүрміз. Ал ол жақта бізді қолдаушылар жоқ емес бар, бірақ аздау.

Жалпы бұл ойында біз бапкерлердің айтқан тапсырмасын дұрыс орындадық, ең бастысы. Қанша дегенмен бізде шабуыл аз болды. Және де біз арқылы соғылып тұрған голдарды жіберіп алдық. Біз де барынша қайтардық. Соңғы минуттарда түсінбеушілік болып, қақпашы соғылып, мұрнынан қан кетіп жатқанда, Астана ойыншылары біздің қақпаға гол соқты. Бәріміз Рамильдің жағдайын уайымдап тұрғанда ол гол саналып, міне сол кезде түсінбеушілік болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0