20 жастағы қазақстандық шабуылшы өз командасын Ресей кубогының келесі кезеңіне шығарды

20 жастағы қазақстандық шабуылшы өз командасын Ресей кубогының келесі кезеңіне шығарды

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Байжан Мәделхан аттас қаланың «Муромына» футболдан Ресей кубогының 1/64 кезеңіне шығуға көмектесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/128 финалдық ойында Муром сырт алаңда Химикті жеңді - 2:1. Алаң иелері 18-минутта Руслан Кабутовтың голының арқасында алға шыққанымен, басымдылығын сақтай алмай, екінші таймда гол жіберіп алды. 69-минутта Дмитрий Зинович пенальтиден таразы басын теңестірді. Негізгі уақыттың аяқталуына төрт минут қалғанда, алаңға тыңнан шыққан Мәделхан пенальтиден командасына жеңіс әкелді.

Айта кетейік, Байжан Мәделхан алматылық «Қайраттың» ойыншысы және шілде айынан бері «Мура» сапында жалға ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или