«Наполи» жартылай қорғаушысы «ПСЖ» командасына ауысты

«ПСЖ» ресми сайтында «Наполи» жартылай қорғаушысы Фабиан Руисты сатып алғанын хабарлады.
Тараптар 2027 жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырды.
Transfermarkt порталының мәліметінше, трансфер 23 миллион еуроны құраған.
Испан футболшысы «Наполи» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Жалпы, 26 жастағы жартылай қорғаушы неаполитандықтар сапында 166 матч өткізіп, 22 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
«Адзурримен» бірге ол Италия кубогын жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или