«Алюетовпен тез тіл табыстым». Павел Баркунов «Жеңіс» сапындағы дебюті және бапкері жайлы айтты

«Алюетовпен тез тіл табыстым». Павел Баркунов «Жеңіс» сапындағы дебюті және бапкері жайлы айтты

«Жеңіс» қорғаушысы Павел Баркунов Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, негізгі құрамдағы алғашқы ойыны, Ринат Алюетов және Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны туралы айтып берді.

- Павел, жеңіс құтты болсын, ойын жайлы не айтасыз?

- Бүгін негізгі құрамдағы алғашқы матчымды өткіздім. Қарсылас өз ойынын көрсете білді, сондықтан біз негізінен қорғаныста ойнадық, ең бастысы жақсы нәтижеге жеттік.

- Ринат Алюетовпен бірге жұмыс істеу ұнады ма?

- Маған бапкер бірінші күннен ұнады, ортақ тіл табыстық. Маған үнемі көмектесіп, алаңда да, сыртта да не қажет екенін айтып отырады.

- Испаниялық «Фуенлабрада» клубында қаралымнан өттіңіз, келісімшарт жасауыңыз да мүмкін еді. Бұл трансфер неге жүзеге аспады?

- Онда әр елден келген футболшыларға арналған жаттығу жиыны болды. «Фуенлабрада» бірінші және қосалқы құрамға ойыншы іздеп жатыр. Маған бәрі жақсы екенін, бастысы физика мен тілді жетілдіру керектігін айтты. Бірақ неге екені белгісіз келісімшарт жасалмады.

- Шетелде доп тепкіңіз келе ме?

- Әрине, болашақта міндетті түрде шетелде өнер көрсетуге тырысамын, бірақ қазір «Жеңіс» ойыншысымын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или