«Зриньскидің» голы – Мокиннің қателігі». Алмат Бекбаев «Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» Конференциялар лигасындағы матчары туралы пікірін бөлісті

«Зриньскидің» голы – Мокиннің қателігі». Алмат Бекбаев «Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» Конференциялар лигасындағы матчары туралы пікірін бөлісті

«Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» бұрынғы ойыншысы Алмат Бекбаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық клубтардың Конференциялар Лигасы 3-турының бірінші матчтарына қатысты пікір білдірді.

Мен әлі күнге дейін «Тобылды» фаворит санаймын. Матч минималды есеппен аяқталды, сондықтан мүмкіндік бар, және менің ойымша, қостанайлықтар қарсыласын жеңе алады, өйткені «Зриньски» мықты команда емес. Әрине, Томашевич алған қызыл қағаз көңілді түсірді – төрешімен дауласудың қажеті жоқ. Матч барысында «Тобылдың» гол соғатын 2 мүмкіндігі болды, соны пайдалану керек еді.

«Қызыл-Жар» үшін матч қиын болды, қорғаушылар мен қақпашының шеберлігі бір голдан артық жібермеуге мүмкіндік берді. Қағаз жүзінде АПОЭЛ фаворит болып қала береді - мықты және жоғары деңгейлі команда. Бірақ қарымта матчта петропавлдықтардың да келесі кезеңге шығу мүмкіндігі бар. Өйткені есеп - 0:1. Мүмкін кипрлықтар қарсыласын бағаламай келіп, «Қызыл-Жар» келесі кезеңге өтіп кетуі мүмкін.

– Қарсыластардың голдарына баға берші.

– «Зриньскидің» голы, бұл қақпашының қателігі деп айта аламын. Бұрыштама кезінде Мокин неге екені белгісіз, допқа қарай бір-екі қадам жасады, орнында қалса, соққыны қайтаруы мүмкін еді. Бірақ мен Александрды қолдағым келеді - ол тамаша және тәжірибелі қақпашы, әлі де өнер көрсетіп, деңгейін ұстап келеді. Келесі матчта қостанайлық жанкүйерлердің алдында өзін міндетті түрде қалпына келтіреді деп ойлаймын.

Ал «Қызыл-Жарға» соғылған гол керемет болды. АПОЭЛ ойыншысы бұл арқылы өзінің шеберлігін көрсетті: допты тамаша қабылдап, соққы жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0