«Барыста» ең көп жалақы алатын хоккейшілер белгілі болды

«Барыста» ең көп жалақы алатын хоккейшілер белгілі болды

«Барыстың» президенті Борис Иванищев Azattyq Rýhy басылымына берген сұхбатында командада ең көп жалақы алатын хоккейшілердің есімін атады.

– «Барыста» ең көп жалақы алатын ойыншыны айта аласыз ба?

– Никита Михайлис пен Линден Вей екеуі. Ары қарай легионерлер. Нақтысын білмеймін, бірақ әлдеқайда аз.

– Михайлис легионерлерден қымбат па?

– Вей екеуі бірдей алады, бірақ Михайлис лайық. ҚХЛ сұрмергендерінің үздік бестігінде. Вей – Гагарин кубогының иегері, Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол маусымның ортасында келген біраз ұпай жинап, команданың ойыны жүрді. Бұл оның деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Сол себепті лайық деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или