«Сазайыңды тартасың». Резников өзін ергежейлі деп атаған файтерге жауап берді

«Сазайыңды тартасың». Резников өзін ергежейлі деп атаған файтерге жауап берді

Қазақстандық файтер Артем Резников «Парсылық дағыстан» лақап аты бар ирандық жекпе-жек Мұхаммед Хейбатидің өзіне жасалған  әлеуметтік желідегі шабуылына реакция білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хейбати Асланбек Бадаевқа берген сұхбатында Резниковты «таз ергежейлі» деп атап, оны жекпе-жекте жеңуге уәде берді.

Жауап ретінде Артем Instagram желісіндегі парақшасында былай деп жазды:

«Ол ММА мен поп-ММА-ды шатастырады. Бұл жекпе-жектің өтпейтінін біз жақсы білеміз. Жеке басқа тиістін, сондықтан бұл әрекетіне көшеде жауап бересің.

Мұхаммед, мен ренжімеймін, әрине. Бұл тақырыпты дамытқым келмейді. Өйткені бұл жекпе-жек болмайтынын бәріміз түсінеміз. Ұстап алған жерімде сені ондырмаймын. Мен ешқашан жекеге тиіскен емеспін. Сені тиіскен екенсің, енді сазайынды аласың». 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или