«Барыс» америкалық шабуылшыны қымыз бен бауырсақпен күтіп алды

«Техас Старз» экс-шабуылшысы Энтони Луис Нұр-Сұлтанға жетті, оны «Барыс» өкілдері қымыз бен бауырсақпен күтіп алды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі елордалық команданың<span> </span>баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 жастағы форвард Қазақстан астанасына «Барыспен» келісімшарт жасасуға келді. Еңбек келісімі бір маусымға жасалады.
Энтони бұған дейін Солтүстік Америкадағы түрлі лигада ойнаған, АҚШ-тың жастар құрамасына шақыртылған. Кейінгі алты жылда АХЛ-да өнер көрсеткен.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или