Қазақстан Футбол федерациясы УЕФА-ның 700-ден астам бапкерін даярлады

<span>Қазақстанда 800 мыңнан астам фуболмен жүйелі түрде айналысады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>
<span>«Қазақстанда спорттың бұл түрімен (футболмен) жүйелі түрде 800 мыңнан астам адам шұғылданады, оның 62 пайызы - ауылдық жерлерде. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде футболмен 37 мыңнан астам бала айналысады. Футболмен айналысу үшін 280 стадион және 148 футбол манежі жұмыс істейді. Сонымен қатар бүгінгі күні 400-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Олардың көпшілігі футбол алаңдарымен қамтамасыз етілген. Жалпы білім беру және спорт мектептерінде 7 000-нан астам футбол алаңдары қарастырылған. Кәсіби клубтардың жанында 7-18 жастағы 7 мыңға жуық баланы қамтитын 17 футбол орталығы мен екі академия қызмет етеді», - деді Үкімет басшысы жауабында. </span>
<span>Оның атап өтуінше, Қазақстан Футбол федерациясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі − жаттықтырушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру. Федерация УЕФА-ға қосылып, еуропалық әдістемелер бойынша мамандар даярлау құқығына ие болды. Түрлі деңгейдегі жаттықтырушыларға Еуропа елдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін санаттар тағайындалды. Курстарды, сабақтар мен семинарларды өткізуге отандық және шетелдік мамандар белсенді тартылады. </span>
<span>«Соңғы 10 жылда федерация УЕФА-ның 700-ден астам бапкерін даярлады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 28 кәсіби футбол клубы өнер көрсетеді, оның ішінде 14 клуб премьер-лигада, 7 − бірінші лигада және 7 − екінші лигада. Халықаралық тәжірибенің негізінде 2015 жылы Қазақстанда футбол жарыстарын өткізу регламентіне «қазақстандық футбол тәрбиеленушісі» деген ұғым енгізілді. Елімізде тіркелген 333 кәсіби футболшының 210 (63%) қазақстандық футболдың тәрбиеленушілері. Футболдан ұлттық чемпионаттың ережесіне сәйкес премьер-лига клубы 8 легионерді ғана мәлімдей алады, бір уақытта алаңға 6 легионер шыға алады. Бірінші лиганың клубтары 3 легионерді ғана шақыра алады. Қалған футболшылар қазақстандық футбол тәрбиеленушілері болуы тиіс. Екінші лига клубтарына легионерлерді шақыруға тыйым салынған», - деді Әлихан Смайылов.</span>