Дәурен Елеусінов АҚШ-та нокаутпен ұтылды

Дәурен Елеусінов АҚШ-та нокаутпен ұтылды

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-1-1, 9 КО) Нью-Йорктегі (АҚШ) кәсіпқой бокс кештее өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елеусінов жергілікті боксшы – жеңілмеген америкалық Джуниор Юнанмен (16-0-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді.

Бұл он раундтық жекпе-жек супер орта салмақта өтті.

Юнанның бірінші раундта Дәуренді техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Джуниор Юнан мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Дәурен Елеусінов екінші рет жеңіліске ұшырады.

Бұл қазақстандық үшін 2022 жылдағы алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейін ол желтоқсан айында жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта әзірбайжандық Али Мамедовты (13-8, 3 КО) нокаутқа түсірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или