«Осиекті» жеңуге тіпті жанкүйерлердің де қатысы бар». Әли Әлиев – «Қызыл-Жардың» Конференциялар лигасындағы тарихи жеңісі туралы

«Осиекті» жеңуге тіпті жанкүйерлердің де қатысы бар». Әли Әлиев – «Қызыл-Жардың» Конференциялар лигасындағы тарихи жеңісі туралы

«Қызылжардың» бас бапкері Әли Әлиев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында <span>«Осиекке» (2:0)</span> қарсы ойын туралы пікірін айтты.

- Әли Ханәлиұлы, бүкіл Қазақстанды қуантқан, футбол әлемін таңғалдырған жеңісіңіз құтты болсын! Бұл кішкентай ерлік болды ма, әлде сіз үйде жеңілгеннен кейін Хорватияға көп сенім артпай бардыңыздар ма?

– Мұны белгілі бір дәрежеде эксперимент деуге болады. Командамен біз чемпионатта және Қазақстан кубогында гол сала алмай, даулы жағдайларда голдарымыз есептелмеген сәттерді талқыладық.

Жігіттер киім ауыстыратын бөлмеде осыны әңгіме қылып, Хорватиядағы екінші матчта бізге сәттілік бұйыратын шығар деп айта бастады. Әрине, жеңіске деген сеніммен қатар, жігіттер ойынның тамаша ұйымдастырылуын көрсетті, сондықтан біз Осиекке жігерленіп, жеңіске деген сеніммен бардық деп айта аламын.

- Еурокубоктағы бастапқы кезеңнен өту бапкерлік карьераңыздағы ең маңызды жеңіс деп санауға бола ма? Немесе одан да маңызды болды ма?

- Карьерамның осы кезеңіндегі маңыздысы шығар деп ойлаймын, бірақ Бірінші лигадағы чемпиондық бөлек, бұл менің бапкерлік қызметтегі дебют жетістігім болды және ол менімен мәңгі қалады.

- Қарымта ойынға жоспар қандай болды? Бірінші таймда сіздер «Осиекті» өз жеңісіне әдейі сендірдіңіздер ме?

- Жоспарды біз қарсыластың әрекеті мен команданың құрамына қарай құрдық. Қарсылас алаңда өз шарттарын айтты, ал біз өз кезегімізде олардың әрекетіне өз әрекеттерімізбен қарсы тұруға мәжбүр болдық. Біз «Осиектің» голдары мен олардың алғашқы кездесуде жасаған қауіпті сәттерін талдадық, сондықтан біз аймақтарын ойыншыларымыздың саны мен сапасымен жаптық.

Ойынның соңына таман командалардың күші таусылады, зейіні еріксіз төмендейді және осы сәтте қарсыластың әлсіздігін пайдалану керек. Біздің шыдамдылығымыз және сирек, бірақ сапалы қарсы шабуылдар арқасында жеңіске жеттік.

- «Осиекті» ҚПЛ-дің қай клубымен салыстыруға болады?

- Оның стилі «Каспий» командасына жақынырақ шығар: дәл осындай қысқа және орташа пас, «Осиек» әр шабуылға ұзақ дайындалады, позициялық шабуылда әрекет етуді жөн көреді.

- Мұндай жағдайларда бас бапкерлер ешкімді жеке бөліп көрсеткісі келмейді, команда жеңді деп айтатынын түсінемін. Дегенмен, осы «Кызыл-Жардың» көшбасшысы және онсыз хорваттарды жеңу мүмкін емес еді деп кімді айтуға болады?

– Бүкіл команда жеңіске жетті және бұл менің тарапымнан шындық болады. Жарақат алған Дарко Зорич, бірінші матчта алаңнан қуылған Жиан Мартинс пен сырқаттанған Сергей Тихоновский да. Барлығы қоңырау шалды, байланыста болды. Тіпті Қазақстанда қалған массажисіміз де хабарласып тұрды. Ойын күні жанкүйерлер «Қызыл-Жарға» сәттілік тіледі, олардың барлығының осы табысқа қатысы бар.

Және, әрине, басқа мәселелерге алаңдамай, тек футболды ойлауымызға бар күш-жігерін салған басшылыққа жылы лебізімді айтқым келеді. Позитив пен бірлік өз жұмысын атқарды.

- Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі АПОЭЛ-ге қарсы алғашқы ойынға санаулы күндер қалды. Қарсыласты зерттей бастадыңыздар ма?

- Хорватиядан қайтып келе жатқанда, АПОЭЛ қандай жүйемен ойнайтынын қарап үлгердік, құрамды зерттедік. Біраз уақыттан кейін біз қарсыласымызға егжей-тегжейлі талдау жасай бастаймыз.

- Сіздің ойыңызша, АПОЭЛ құрамы «Осиектен» мықты ма?

- Мықты деп ойлаймын. Бірақ біздің көргенімізге сүйенсек, бұл командалардың күші шамамен бірдей.

Фото: «Қызыл-Жар» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или