«Айтарға сөзім жоқ». «Ордабасы» шабуылшысы «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Айтарға сөзім жоқ». «Ордабасы» шабуылшысы «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Ордабасы» шабуылшысы Всеволод Садовский «Атырауға» (1:2) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Айтарға сөзім жоқ. Мұндай ойынға пікір айтқым келмейді, көрермендер барлығын көрді деп ойлаймын. Мен тек жанкүйерлерге көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамын. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әр ойында бар күшімізді саламыз. Барша жанкүйерлерге аптап ыстыққа қарамастан ойынға келгендері үшін тағы да рахмет айтамын», - деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0