Фарерлік клуб Роналду үшін ерекше ұсыныс жасады

Борой аралындағы аттас қаланың атынан шыққан клуб «Ман Юнайтедке» ұсыныс жасады.«КИ Клаксвик» Криштиану Роналдуға 20 қой ұсынды. Фарер клубы қызыл сойқандардан жауап күтетіндерін айтты.
«Біз Роналдуға 20 үшін ең жақсы қой ұсындық. Біз қазір «Юнайтедтен» жауап күтіп отырмыз», - деп жазды « КИ Клаксвик» Twitter-дегі хабарламасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 37 жастағы португалдық Чемпиондар лигасында ойнағысы келгендіктен, осы жазда ағылшындық клубтан кетуге ниетті.
Роналдудың «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или