Challenge Cup: Волейболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады

Challenge Cup: Волейболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады

Хорватияның Задар қаласында Challenge Cup-тың ширек финалында Қазақстан әйелдер құрамасы Хорватияға есе жіберді.

Есеп: 25-20, 25-15, 25-20. Осылайша, біздің волейболшылар 2023 жылғы Ұлттар лигасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Ұлттық құрама сапындағы үздік ойыншы – Татьяна Никитина. Оның еншісінде 14 нәтижелі әрекет бар. Одан кейін 7 ұпаймен Валерия Чумак тұр.

Ал Хорватия капитаны Саманта Фабрис матчта 19 балл жинап, отандастарының ыстық ықыласына бөленді (14 ұпай, 4 эйс, 1 блок-шот). Шабуылдағы әріптесі Лаура Милоштың еншісінде 13 балл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или