Срджан Благоевич: Осы сәтте «Ракув» бізден мықты, лайықты деңгейде келесі кезеңге өтті

Срджан Благоевич: Осы сәтте «Ракув» бізден мықты, лайықты деңгейде келесі кезеңге өтті

«Астана» футбол клубының бас бапкері Срджан Благоевич «Ракувқа» қарсы ойын жайында.

– Біріншіден, қарсыластарды жеңісімен және ІІІ турға өтуімен құттықтаймын және сәттілік тілеймін.

УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне өтетітіне мүмкіндігі бар деген сенімдемін. Іріктеу кезеңінде "бізге ең мықты команда түсті" дегенім расқа шықты. Еурокубоктағы қазақстандық командаларға түскен топтардан ең мықтысы бізге түскені рас. Ұтылған кезде көңіл-күйге тікелей әсер ететіні бар.

Бастысы, командамның лайықты ойын көрсеткеніне разымын. «Ракув» қақпасына гол соға алмағанымызға қынжыламыз. Осы сәтте «Ракув» бізден мықты, лайықты деңгейде келесі кезеңге өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или