УЕФА «Фенербахче» жанкүйерлерінің әрекетіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

УЕФА «Фенербахче» жанкүйерлерінің киевтік «Динамоға» қарсы ойынындағы әрекетіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңі аясында «Шюкрю Сараджоглу» стадионында өткен қарымта кезедсуде украиналық жартылай қорғаушы Виталий Буялский гол соққаннан кейін алаң иелерінің жанкүйерлері «Ла ла ла, Владимир Путин!» деп айғайлаған. Кездесу 2:1 есебімен украиналықтардың пайдасына аяқталып, олар келесі кезеңге жолдама алды.
Еуропалық футбол қауымдастықтар одағы «Фенербахче» жанкүйерлерінің әрекетіне қатысты тексеріс жүргізу үшін этика және тәртіп инспекторын тағайындады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или