Топчагич «Ордабасыға» ауысады ма?

Қарағандылық «Шахтердің» босниялық шабуылшысы Михрет Топчагич кәсіби мәнсабын шымкенттік «Ордабасы» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ордабасы» футбол клубы ағымдағы маусымда шабуыл шебінде ойнайтын футболшыға жарымай жүр. Сол себепті шымкенттік клубтың бас бапкері Виктор Кумыков команда құрамына жаңа шабуылшы іздеуде. Ресейлік маман «Шахтер» сапындағы форвард Михрет Топчагичті сатып алуды көздейді. Қысқы трансферлік ауысым кезінде аталған клубтың қос шабуылшысы Сергей Малый мен Александр Симчевичті де «Ордабасы» құрамына алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы шабуылшы қарағандылық клубта 2014 жылдан бастап өнер көрсетуде. Ағымдағы маусымда «Шахтер» сапында 15 ойын өткізіп, 3 голдың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или