«Доус пен Боченскидің деңгейінде емес». «Барыстың» іріктеуіне және Старченконың «Спартакқа» кетуіне баға берілді

«Доус пен Боченскидің деңгейінде емес». «Барыстың» іріктеуіне және Старченконың «Спартакқа» кетуіне баға берілді

Трансфер нарығындағы ұзақ үзілістен кейін шілденің соңына қарай қазақстандық «Барыс» бірқатар ойыншымен келісімшарт жасасып, сондай-ақ команда ардагері Роман Старченконың мәскеулік «Спартакқа» кетуімен есте қалды.

Өткен аптада елордалық клуб сапын америкалық шабуылшы Энтони Луи мен Джереми Бракко, канадалық қорғаушы Джесси Грэм және хоккейдегі карьрасын шетелде бастаған қазақстанлық шабуылшы Кирилл Максимов толықтырды.

Қазақстан хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский Prosports.kz сайтымен қазақстандық құраманың іріктеу саясаты, сондай-ақ Беларусь маманы Андрей Скабелканың келуіне байланысты өзгерістер туралы пікірімен бөлісті.

– Владимир Аркадьевич, «Барыстың» іріктеу жұмыстарының аралық нәтижесін және жаңа команданың жасақталуын қалай бағалай аласыз?

– Менің ойымша, клубтың жағдайы нашарлап бара жатқан сияқты. Олар орташа ойыншыларды алды, оның үстіне Рома Старченко кетті. Скабелка екі-үш сапалы хоккейшіні әкелуі мүмкін шығар.

– Елордалық клубқа жаңадан келгендердің арасынан нақты кімдерді «орташа» ойыншылар деп есептейсіз?

– Канадалық және екі америкалықты. Бұл жігіттер Доус немесе Боченски деңгейінде емес екені анық. Олар бұрын ешқашан ойнамаған лигада өздерін қалай көрсететіні белгісіз.

– ҚХЛ-ға өту Бракко, Грэм және Луидің ойынына әсер ете ме?

– Әрине. Жаңа жағдайларға бейімделу уақыт алуы мүмкін. Егер олар мықты ойыншы болса, онда олар шетелде қалар еді. Бұл олардың ойын деңгейі орташа екенін білдіреді. Әрине, өткен маусымды Грэм мен Бракко өткізген Германия чемпионатының деңгейі айтарлықтай өсті, бірақ бұл ҚХЛ үшін жеткілікті болмауы мүмкін.

Нұр-Сұлтандық клубқа Андрей Скабелканың оралуын жалпы қалай қабылдадыңыз?

– Михайлистің қалғанынан гөрі жақсырақ. Скабелканың ҚХЛ-да үлкен тәжірибесі бар және «Барысқа» тиімдірек нұсқаны табу мүмкін емес еді. Ол команданы бір деңгейге жеткізеді және ойыны қызықты болады, бірақ мұндай ойыншылар жиынтығымен оны істеу оңай болмайды.

– «Барыс» Старченко мен жас Ореховты басқа клубтарға неге жіберді деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, хоккейшілердің өздері жақсырақ жерге кетеді. Старченко айтқандай, жалақысы да, жағдайы да жақсы шығар. Менің ойымша, Рома «Спартакта» бір маусым ойнайды, содан кейін мәскеулік клуб онымен тағы бір жылға келісімшартқа отырады.

– Скабелка алғаш келген кезінде қазақстандық хоккейдің жас түлектеріне өзін көрсетуге мүмкіндік берген. Мысалы, Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов немесе Батырлан Муратов осы маусымда өзін қалай көрсетеді?

– Мәселе мынада, қазір қазақстандық хоккейде болашағы әлеуетті жұлдыздарды табу өте қиын, өйткені жастар хоккейі дамымаған. Өскеменде хоккей құрдымға кетті, биыл олар оқу-жаттығу жиындарын өткізбейді, жалақы бойынша да қарыздары бар.

Гол соғатын ойыншылардан тек Никита Михайлис қалды. Линден Вей жалғыз маусымды алып шыға алмайды. Америка мен Канададан келген ойыншылар ұпай жинау қабілеттерін көрсетеді деп сенейік.

– Жақын арада «Барыстан» шетелдік қақпашылармен бірінші нөмірлі қақпашы ретінде келісімшартқа қол қоюын күту керек пе?

– Міндетті түрде. Бояркин мен Шутов негізгі және қосалқы қақпашылар болып қалады, бірақ командада шетелдіктердің бірі болады. Жақын арада Скабелка бұл рөлге біреуді алады.

Фото: «Барыс» ХК 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или