«Тобылдың» бас бапкері «Линкольн Ред Импс» клубына қарсы қарымта матч туралы пікір білдірді

«Тобылдың» бас бапкері «Линкольн Ред Импс» клубына қарсы қарымта матч туралы пікір білдірді

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович УЕФА Конференциялар Лигасының екінші кезеңі аясындағы «Линкольн Ред Импс» клубына қарсы қарымта матч жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біріншіден, баршаңызды осынау жеңіспен және Конференциялар Лигасының келесі кезеңіне өтуімізбен құттықтағым келеді. Ойынды жүйелі ұйымдастыру және тактика тұрғысынан бірінші таймды жақсы өткіздік. Ал екінші таймда бірнеше жүз пайыздық сәттер болды, оларды іске асыра алмадық. Бірақ мен кездесу нәтижесіне ризамын, біз керемет ойын үлгісін көрсетпесек те, маңызды жеңіске жеттік.

Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталғанына қарамастан, ауа райы әсерін тигізді. Ыстық күнде ойнау қиынға соқты. Сонымен қатар, «Линкольн» алаңға су сеппей, құрғақ ұстады және бұл ойынды одан әрі қиындатты. Дегенмен, жеңіске жете білген біздің футболшыларға алғысым шексіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0