«Қайраттың» экс-ойыншысы Вагнер Лав бразилиялық клубпен келісімшартқа отырды

«Қайраттың» экс-ойыншысы Вагнер Лав бразилиялық клубпен келісімшартқа отырды

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав жергілікті «Спорт Ресифе» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Фабио Алейсо өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ертең, 27 шілдеде трансфер ресми түрде жарияланады.

38 жастағы Вагнер Лав қазақстандық жанкүйерлерге «Қайрат» (2020-2021) сапындағы өнерімен танымал.

Шабуылшы сонымен қатар «Палмейрас», «Фламенго», «Коринтианс», «Шандонг», «Монако», «Аланьяспор», «Бешикташ», «Қайрат» және ЦСКА клубтарында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0