Бауыржан Байтана «Ақтөбеде» нөмір таңдады

Жартылай қорғаушы Бауыржан Байтананы «Ақтөбе» клубына трансферлік терезе жабылардан бірнеше сағат бұрын ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Байтана 18 нөмірлі жейдені таңдады. Осылайша, 30 шілде күні Бауыржан жаңа клубы сапында Қазақстан Кубогында «Таразға» қарсы ойнай алады.
Бұл 30 жастағы жартылай қорғаушының Ақтөбеге екінші рет келуі. 2017 жылғы маусымда Байтана «қызыл-ақтардың» сапында ойнады, бірақ оның ойынын сәтті деп айту қиын – 21 ойында ол 2 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или