АҚШ-та 29 жастағы футболшы матчтағы төбелес салдарынан қайтыс болды

АҚШ-та 29 жастағы футболшы матчтағы төбелес салдарынан қайтыс болды

АҚШ-та 29 жастағы футболшы Мисаэль Санчес дәл матч кезінде туындаған жаппай төбелестің салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады.

Қайғылы оқиға Калифорниядағы Окснард орта мектебінің стадионында болды. Бас төрешінің әрекетіне наразы болған қос команда ойыншылары мен матч көрермендері төбелес ұйымдастырған. Санчес оқиғадан кейін ауруханаға түсіп, екі аптадан дүниеден озды.

Полицейлер марқұм футболшының денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айыппен 46 жастағы ер адамды ұстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0