Болат Әленов: Элиталық дивизионға шығуға мүмкіндік бар

Болат Әленов: Элиталық дивизионға шығуға мүмкіндік бар

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының бас бапкері Болат Әленов Молдова астанасы Кишиневте өтетін Еуропа жағажай футболы лигасынң (EBSL) промофиналына дайындығы жөнінде айтып берді.

– Команданың алдағы турнирге дайындығы туралы айтып өтсеңіз?

– Дайындықтың деңгейі жақсы. Барлығы жоспардағыдай. Ойыншылар турнирге бабында келеді деп ойлаймын. 

– Промофинал ойындарына барлық футболшылар қатыса ала ма? 

– Әрине. Шақырту алған ойыншылардың барлығы дайын. Нақты тізім. Қарсыластарға лайықты қарсылық көрсетеміз. 

– Топтағы қарсыластар туралы тоқталып өтсеңіз?

– Қарсыластарды жақсы танимыз. Олармен бірнеше рет кездестік. Әлсіз тұстары да, мықты тұстары да таныс. Жақсы ойын болады деп үміттенемін. 

– Қазақстан құрамасының келесі кезеңге өту мүмкіндігі қандай?

– Элиталық дивизионға шығуға жақсы мүмкіндік бар. Биылдан бастап «А» дивизионына төрт команда шығады. Өткен маусымда бір ғана жолдама сарапқа салынды. Сол себепті келесі кезеңге өту үміті арта түспек. Сол үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Түпнұсқасы: kff.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0