Хави Мессиді «Барселонаға» қайтаруды сұрады

Хави Лионель Мессиді «Барселонаға» қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Бапкер клуб президенті Жоан Лапортаға осындай өтініш жасады.
Хави аргентиналық ойыншыны «ПСЖ-мен» келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарғысы келеді.
Париждік клубпен келісім 2023 жылға дейін жарамды, сонымен қатар 2024 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
Хавидің пікірінше, Мессидің оралуы «Барселонаның» қаржылық және спорттық жетістіктеріне ықпал етеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или