Елдос Ахметов: Қарымта ойында оң нәтижеге жетуге тырысамыз

"Тараз" қорғаушысы "Ақтөбемен" өткен матч жайлы пікір білдірді.

- Біріншіден, стадионға келіп, қолдау көрсеткен біздің жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Біз де оларды қуантқымыз келеді. Бүгін жеңіске жетуге тырыстық. Ойында қарсыласқа қарағанда бізде көбірек мүмкіндік болды.

Кейде гол соға алмай жататын кездесулер болады. Бұл клуб чемпионатта көш бастап келе жатқан ұжым екенін де ескеру қажет.

Енді бір аптадан соң сырт алаңда болатын матч та өте тартысты болады деп ойлаймын. Біз қазір қалыпқа келіп, оң нәтиже үшін дайындық жасайтын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0