«Қызыл-Жардың» бұрынғы ойыншысы «Жальгириске» ауысады

«Қызыл-Жардың» бұрынғы ойыншысы «Жальгириске» ауысады

21 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурза жақында Литва чемпионының ойыншысы атанады.

Prosports.kz мәліметінше, «Қызыл-Жардағы» жақсы ойынынан кейін ойыншыға «Жальгирис» қызығушылық танытқан. Литва тарапы ойыншыны харьковтік «Металлистпен» сатып алуға келісті.

Айта кетейік, литвалық клубтың бас бапкері - қазақстандық Владимир Чебурин. Сондай-ақ, клубта жас қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен өнер көрсетеді.

Еске салайық, «Жальгирис» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ойында швециялық «Мальме» командасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0