Садьо Мане Африканың жыл футболшысы атанды

Сенегал құрамасы мен "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы Садьо Мане маусымның үздік африкалық ойыншысы атанды.

Сенегал құрамасының жартылай қорғаушысы Мароккодағы салтанатты рәсімде марапатқа ие болды. Жақында ғана мюнхендік "Бавария" сапына ауысқан футболшы бұрынғы әріптесі Мохамед Салахтан (Мысыр) және "Челси" қақпашысы Эдуард Мендиден (Сенегал) көп дауыс жинаған.

Мане өткен маусымда "Ливерпульмен" бірге Англия кубогы мен Англия лигасының кубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар ол "қызылдармен" бірге Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, Англия біріншілігінде екінші орыннан көрінді. 

Түпнұсқасы: nur.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0