«Тобыл» «Линкольн» қақпасына жауапсыз екі гол соқты

«Тобыл» «Линкольн» қақпасына жауапсыз екі гол соқты

Конференциялар лигасының 2-іріктеу кезеңіндегі матчта «Тобыл» өз алаңында гибралтарлық «Линкольн» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Қостанайлықтар сапында екі гол да екінші таймда соғылды. 65-минутта Айбар Жақсылықов есеп ашса, кездесу соңына қарай Жарко Томашевич кездесу нүктесін қойды. 

Енді қарымта кездесу 28 шілдеде өтеді. 

Конференциялар лигасы.

2-іріктеу кезең. 1-матч.

«Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) - «Линкольн» (Гибралтар) 2:0

Голдар: Жақсылықов 65, Томашевич 90+1 

Төреші: Мэттью Де Габриель (Мальта)

21 шілде. Қостанай. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0