Қазақстандық төрт клуб Конференция лигасы аясында матч өткізеді. Тікелей трансляция

<span>21 шілде күні УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық төрт клуб кездесу өткізеді, деп жазады Prosports.kz.</span>
Атап айтқанда, «Қызыл-Жар» – «Осиек», «Қайрат» – «Кишварда»,«Тобыл» - «Линкольн Ред Импс» және «Ракув» - «Астана» матчы өтеді.
Назарларыңызға аталған кездесулердің тікелей трансляциясын ұсынамыз.
Петропавлдық «Қызыл-Жар» елордада ховатиялық «Осиекті» қабылдайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмаған «Тобыл» өз алаңында гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасын қабылдайды. Қостанайда өтетін матч 20:00-де басталады. Бұл кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
«Қайрат» – «Кишварда» матчы да жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Алматыдан тікелей трансляцияны QAZAQSTAN телеарнасы жүргізеді.
Қазақстандық командалар арасында «Астана» ғана алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді. Елордалықтар Польшада «Ракувпен» кездеседі. Ойын елорда уақытымен 22 шілдеге қараған түні 01:00-де басталады. Кездесуді QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.