Пауло Дибала «Рома» футбол клубының ойыншысы атанды

Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала «Рома» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты «Рома» клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Белгілі болғандай, Аргентина құрамасының шабуылшысы туриндік «Ювентустен» римдік ұжымға тегін ауысқан.
Футболшы жаздың басында еркін агент атанған еді.
Пауло Дибала Жозе Моуринью жаттықтыратын клубпен 3 жылға келісімшартқа отырған.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде 28 жастағы шабуылшының жалақысы жылына 6 миллион еуроны құрайтыны туралы ақпарат тараған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или