Фируза Шарипованың ММА-дағы алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фируза Шарипованың ММА-дағы алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

OCTOGON лигасының инстаграмдағы парақшасы бокстан IBA және WBU тұжырымдары бойынша қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шарипованың аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуі қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Есімі әлемге кеңінен танымал Фируза Шарипова OCTAGON лигасының тізіміне енді және 29 шілдеде Алматыда өтетін OCTAGON 33 турнирінде өнер көрсетеді.

Тәжірибелі ресейлік Карина Оңдасынова (2-0) атақты спортшының қарсыласы болады».

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шәріпова WBA, IBF, WBO, WBC және The Ring белбеулері үшін титулдық жекпе-жекте ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или