Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының медалін жеңіп алды

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының медалін жеңіп алды

Қазақстандық Ерасыл Омаров Тәшкенттегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бірінші медальдің авторы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

55 келіге дейінгі салмақта ол қола жүлдені жеңіп алды.

Бірінші жаттығуда Ерасыл 104 килограммды көтеріп, барлық үш тәсілді жүзеге асырды. Алайда, "серпе" көтеру кезінде біздің спортшы салмақты тек үшінші әрекеттен жеңді. Қоссайыс қорытындысында оның нәтижесі 228 (104+124) килограмм болды.

45 келіге дейінгі санаттағы қыздар арасында Александра Беленко өнер көрсетті. Қоссайыс аясында біздің спортшы 132 (58+74) килограмм көтеріп, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында бесінші және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтыншы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или