Хоккей

«Ертіс» «Ақтөбеде» жүрген түлегін қайтарды

«Ертіс» «Ақтөбеде» жүрген түлегін қайтарды

Павлодарлық «Ертіс» клубтың түлегі Михаил Гулыймен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 жастағы ойыншы өткен маусымда «Ақтөбе» сапында Jas Hokei Ligasy жастар лигасында ойнаған. Онда 48 матч өткізген Гулый гол+пас жүйесінде 59 (26+33) ұпай жинаған.

Гулый - «Ертістің» түлегі. Алдағы маусымда хоккейші ересектер арасында алғашқы чемпионатқа қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0