Алексей Щеткин «Ротордан» кетті

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин ресейлік «Ротор» клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfermarkt порталының хабарлауынша, 31 жастағы футболшы 1 шілдеден бері клубсыз жүр.
Щеткин «Роторға» 2021 жылы қаңтарда ауысқан. Ол ресейлік клуб сапында 25 кездесуге қатысып, 6 гол соқты және 3 сары қағаз алды. Алексей «Ротор» сапындағы соңғы ресми ойынын 21 мамырда өткізді.
Transfermarkt ойыншының нарықтық құнын 300 000 еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или