Ел кубогы: «Қайрат» он ойыншымен «Атырау» қақпасына үш гол соқты

Қазақстан кубогының екінші турындағы матчта «Атырау» өз алаңында алматылық «Қайратпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.
12-минутта алматылық команданың қақпашысы Данил Устименко айып алаңында Юрий Завезенныйға қарсы ереже бұзып, алаңнан қуылды. Орнына шыққан Темірлан Анарбеков Матеус Биссиді соққысын қайтара алмай, гол өткізіп алды.
«Қайрат» бір футболшыға кем қалса да, 57-минутқа алаң қожайындарының қақпасына үш гол соқты. «Мұнайшылар» сол Биссдің арқасында матчтағы екінші голды соқты. Қорытынды есеп - 2:3.
Осылайша, «Қайрат» алты ұпай жинап, А квартетінде көш бастап тұрса, «Атырау» үш ұпаймен екінші орында.
«Атырау» - «Қайрат» 2:3 (1:2)
Гол соққандар: Бисси, пенальтиден 15 (1:0), Улшин 19 (1:1), Садыбеков 43 (1:2), Васин 57 (1:3), Бисси 83 (2:3)