Шекарадан өте алмаған Дәурен Ермековтің қарсыласы Қазақстанға келеді

Ресейлік файтер Гамзат Хирамагомедов Ақтауда өтетін Eagle FC және Naiza лигаларының бірлескен турниріне қатысады.
Күні кеше Гамзат Хирамагомедов 25 мың рубль көлемінде төленбеген несиесі болғандықтан Ресей шекерасынан асуға тыйым салынғандықтан Қазақстанға келе алмаған еді.
ТАСС басылымының мәліметінше, спортшы айыппұл мәселесін шешіп, бүгін түстен кейін Қазақстанға жол тартады.
Айта кетейік, Дәурен Ермеков пен Гамзат Хирамагомедов Eagle FC промоушенінде жартылай ауыр салмақтағы уақытша чемпион атағын сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или