«Қазақстан мен «Қызыл-Жар» атынан Еурододаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе». Яковлев – «Осиекке» қарсы матч туралы

«Қазақстан мен «Қызыл-Жар» атынан Еурододаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе». Яковлев – «Осиекке» қарсы матч туралы

«Қызыл-Жардың» жартылай қорғаушысы Павел Яковлев Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, «Каспиймен» өткен ойын, Али Алиевпен жұмыс және алдағы «Осиекпен» кездесу туралы айтты. 

- Павел, «Каспийге» қарсы матч туралы айтсаңыз.

- Ойын өте тартысты өтті. Қарсылас өз алаңында агрессивті шабуылға тән ойын көрсетті. Жаттықтырушылар штабы жылдам қарсы шабуылдарды пайдалана отырып, қорғаныста сауатты өнер көрсетуді шешті. Менің ойымша, біз жақсы ойнадық және бір ұпай еншілегенімізге қуаныштымыз. Әрбір турнир біз үшін маңызды және біз барлық турнирде ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.

- Али Алиевтің жетекшілігімен жұмыс істеу сізге ұнады ма?

- Жаңа бас бапкер әрқашан жаңа эмоция және жаңа талаппен келеді. Біз жаттығуда өте көп жұмыс жасаймыз және команда физикалық тұрғыдан жақсарды. Команда шабуылда агрессивті ойнай бастады, бұл өз жемісін беретіні анық, уақыт қажет. Алдымызда өте маңызды ойындар бар, Конференция лигасында барымызды салуымыз керек. 

- Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін хорватиялық «Осиекке» қарсы матч жайлы айтсақ.

– Еурододада осал қарсылас болмайтынын жақсы білеміз. Қарсыласымыз анықтала салысымен осы қиын ойынға дайындала бастадық, өйткені Қазақстан мен «Қызылжар» командасының атынан шығу әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Менің ойымша, бізде «Осиектен» өтетін мүмкіндік бар. Бастысы психикалық дайындық. Қайталап айтамын, бізде тамаша команда бар. Келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді саламыз.

– Мәскеулік «Спартакта» ойнаған кезде Еуропа лигасының ширек финалына дейін жеттіңіз. Содан бері сіз бірнеше жылдан кейін алғаш рет еурододоға қатысқалы отырсыз.

Иә, мен үшін еуржарысқа қайта оралу үлкен қуаныш. Бірақ бұл өткен маусымда мұндай орынға жайдан-жай ие болмағанымызды дәлелдейтін тамаша мүмкіндік. Сәтті өнер көрсетеміз деп үміттеніп отырмыз, бәріміз осы мақсатта күресеміз.

– Соңғы оқиғаларға байланысты Ресейде жергілікті ойыншыларға сұраныс артты. Сізге әлі ешкім хабарласқан жоқ па?

 Қазір «Қызыл-Жармен» келісімшартым бар, басқа нұсқаларды қарастырмаймын. Бізде жақсы команда бар және оны алаңда дәлелдейміз.

– Осы маусымда команда алдына қандай мақсат қойылып отыр?

 Тапсырма – барлық турнирдегі қалған матчтарда ең жоғары нәтижеге жету, әр ойында жеңіске жетуге тырысу. Бәріміз бір мақсат үшін жұдырықтай жұмылып отырмыз, болашағымыз командадағы әрбір адамға байланысты: массажисттен тартып, әкімшілер және жаттықтырушылар штабы жеңіс үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Ең жоғары мақсатқа жетуге мүмкіндігіміз бар деген сенімдемін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0