ММА

Рахмонов әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Рахмонов әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
news-banner7
mobile-news-top

Мmafighting.com сайты рейтингісін жаңартты, онда Шавкат Рахмонов 8-орынға жайғасты, деп жазады Prosports.kz.

MMA спорты жайлы жазатын беделді портал mmafighting.com рейтингісіне әлемдегі үздік промоушендардың барлығы кіреді. Жартылай орта салмақта бақ сынайтын UFC файтері Шавкат 13-орыннан 8-орынға көтерілді.

«Шавкат Рахмонов UFC-де керемет өнер көрсетіп жүр. Алғашқы төрт жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті. Карлстон Харрис, Мишель Празерес, Алекс Оливейра және Нил Мэнгиді жеңді. Оның үстіне Рахмонов 16 рет жеңіске жетсе, соның бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Осы айда Рахмонов бес сатыға жоғарылап, 8-орынға жайғасты», - деп жазады mmafighting.

Мmafighting нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы толық рейтинг:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер