Бублик «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпорттағы турнирдің ширек финалында британиялық Энди Марреймен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық Джек Сокты жеңгеннен кейін Бублик турнирдің ширек финалына шықты.
Ал <span>Маррей (6)</span> екінші айналымда австралиялық Макс Перселлді 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Отандасымыз британиялық теннисшімен 5-мәрте кездескелі отыр. Бұған дейін Маррей үш рет, Бублик бір рет жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Ньюпорттағы жарыстың жүлде қоры 594 950 доллар.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или