УЕФА «Кишварда» - «Қайрат» матчына қатысты шешім шығарды

УЕФА «Кишварда» - «Қайрат» матчына қатысты шешім шығарды

«Кишварда» - «Қайрат» матчы Кишвардадағы «Варкерт» стадионында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі венгриялық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін кишвардалық клубтың стадионына қатысты УЕФА ескерту жасаған. Сондықтан барлық талапты маусымның соңына дейін жасау қажет еді. Клуб уақытында барлық талапты орындады. Венгриялық команданың баспасөз қызметіне УЕФА-дан ресми хат  келгенін, «Қайратқа» қарсы қарымта ойынды өз алаңында өткізетінін хабарлады. 

Еске салайық, Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Кишварда» арасындағы алғашқы матч 21 шілдеде Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0