Қуаныш Қалмұратов «Таразға» ауысты

Қорғаушы Қуаныш Қалмұратов «Тараз» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
Трансферлік терезе ашылғаннан кейін 25 жастағы Қалмұратов «Атыраудан» кетті.
Ойыншыға бірнеше клуб қызығушылық танытты, бірақ Қуаныш «Таразға» ауысуды жөн көрді.
Биыл Қуаныш Қалмұратов «Атырау» сапында 10 кездесуге қатысты.