ММА

Төртінші жеңіс! Шавкат Рахмонов UFC турнирінде тәжірбиелі Нил Мэгниді ұтты

Төртінші жеңіс! Шавкат Рахмонов UFC турнирінде тәжірбиелі Нил Мэгниді ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Vegas 57 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты кардта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен кездесті.

Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды. Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үшминуттықты өз еншісіне жазды.

Екінші раунд аяқталар тұста 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті.

Осылайша, Шавкат UFC-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, дәл осы турнирдің басында тағы бір жерлесіміз Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайваны ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер