Әлем футболы

Мохамед Салах пен Сон Хын Мин АПЛ-дың үздік сұрмергені атанды

Мохамед Салах пен Сон Хын Мин АПЛ-дың үздік сұрмергені атанды
news-banner7
mobile-news-top

Англия чемпионатының 2021/22 жылғы маусымы аяқталып, «Манчестер Сити» чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы маусымда үздік сұрмерген атағы екі ойыншыға бұйырды. Мохамед Салах («Ливерпуль») пен Сон Хын-Мин («Тоттенхэм») 23 гол соқты.

Айта кетерлігі, Сон - АПЛ тарихында (тіпті Еуропадағы 5 ірі чемпионат тарихында) үздік сұрмерген атанған алғашқы азиялық ойыншы.

Сондай-ақ, ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын да Салах иеленді. Мысырлық ойыншы биыл 13 ассистент жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер